Қызылордадағы Абай ауылында Абай шығармашылығы насихатталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық филармониясы қазақтың көрнекті тұлғасы Абайдың 175 жылдығына орай ауылдарда мәдени іс-шаралар өткіузді қолға алды.

Осы орайда Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылында «Абайдың ән әлемі» атты концерт өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концертке облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі және жеке орындаушылары қатысты. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» , «Желсіз түнде жарық ай» сынды халыққа кеңінен таралған әндерін көрермен бірге шырқалды. Жырау Әділхан Қуаңбаев «Абайға арнау» толғауын алғаш рет көрерменнің назарына ұсынды. Осы концертте Абай өлеңдерін №138 Абай атындағы орта мектеп оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыды.


Сондай-ақ, осындай шара облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында өтті. Онда Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдығы кеңінен насихатталды. Ел алдында «Мәдениет қайраткері» Ү.Медеуова және Мәдениет саласының үздігі, жырау М.Сәрсенбаева өнер көрсетті.

Бұдан бұрын Қызылордада Абайдың 175 жылдығына орай бірқатар іс-шара өтетінін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар