Қызылордада жыл басынан бері 2105 адам коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері 2105 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл өңірде 2105 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 1240-і Қызылорда қаласында тұрса, аудандар бойынша Аралда - 75, Қазалыда -150, Қармақшыда - 94, Жалағашта - 78, Сырдарияда -154, Шиеліде - 133, Жаңақорғанда - 190 адам қатерлі індетке шалдықты.

Былтырдан бері Қызылорда облысында 5497 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 3308-і Қызылорда қаласының тұрғыны болса, қалғаны аудандар үлесіне тиеді.

Өңірде өткен жылдан бері коронавирус инфекциясынан 16 адам көз жұмды. Олардың 9-ы облыс орталығында тұрған. Сондай-ақ, Жалағашта - 2, Сырдарияда - 1, Шиеліде - 1, Жаңақорған - 3 адам қатерлі індет салдарынан өмірден өтті.

«Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясымен 70 жағдай тіркелді. Науқастардың 33-і облыс орталығында тұрады. Ал Аралда - 1, Қазалыда - 4, Қармақшыда -10, Жалағашта - 2, Сырдарияда - 5, Шиеліде - 7, Жаңақорғанда - 8 адам қатерлі індет құрсауына түсті. Науқастар облыстық жұқпалы аурулар, көпбейінді облыстық, көпбейінді қалалық және аудандық ауруханаларда ем қабылдауда. Ал, 46-сы үй жағдайында бақылауға алынған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетелік, Қызылорда облысында вакцинация пунктері аптасына 7 күн жұмыс істейді.



Соңғы жаңалықтар