+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қызылордада жол апатынан зардап шеккен 6 адам ауруханаға жеткізілді

2021 жылғы 12 маусым 02:24
Бөлісіңіз:
Қызылордада жол апатынан зардап шеккен 6 адам ауруханаға жеткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жол-көлік оқиғасынан кейін 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты Елорда тұрғыны Ақмола облысында болған жол апатынан көз жұмды Ақмолада мотоцикл тізгіндеген 48 жастағы жүргізуші мерт болды

«Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тасжолының Шиелі ауданы аумағындағы бөлігінде белгісіз адамдар жолдың жүріс бөлігіндегі темір қоршауды өз бетінше ашып тастаған. Бұл жол-көлік оқиғасының болуына алып келді.

Оқиға 11 маусымда Шиелі ауданындағы R-10 каналы тұсында болған. Сол аумақта жеңіл және жүк көлігі соқтығысты.

Салдарынан жеңіл автокөлікте келе жатқан 6 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Қайтыс болғандар жоқ.

«Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес құжаттар жинақталуда. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр. Сондай-ақ, жолдың жүріс бөлігіндегі темір қоршауды өз бетінше ашу дерегі бойынша кінәлі адамдарды анықтау мақсатында жан-жақты тексеру жұмысы басталды. Жол апатына қатысты 2 автокөлік айып тұрағына жеткізілді» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, жеңіл автокөліктің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 593-бабы 1-бөлігіне сәйкес құжат жиналып жатыр.

Онда жолаушы және жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау жағдайы көрсетілген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көшеде мылтық алып жүрген тұрғын қолға түсті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT