Қызылордада жоғалып кеткен азамат бірнеше күннен кейін табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында он күн бұрын жоғалып кеткен адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, балық аулауға шыққан Шиелі ауданының тұрғыны жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Балық аулайтын аумақта қасындағы танысына өзі Қызылорда қаласына баратынын айтып, «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының бойымен облыс орталығына бағыт алған. Содан бері хабарсыз кеткен тұрғынды іздестіру жөнінде туыстары аудандық полиция бөліміне шағымданған. Полиция тарапынан іздестіру шаралары жасалды. Туысқандары берген сурет, өзге де мәліметтер бойынша бағыт-бағдар жасалды.

«Бұл бағытта кешенді іздестіру шарасы жүргізілді. Оған төтенше жағдай департаменті, волонтерлер, тұрғындар белсене атсалысты. Нәтижесінде жоғалған азамат Шиелі ауданына қарасты Баршакөл аумағынан табылып, аудан орталығына жеткізілді. Бірнеше күн бойы хабарсыз еткен тұрғын үйіне аман - есен оралды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар