Қызылордада жергілікті тұрғынның көлігін ауласынан ұрлап кеткен күдікті ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жергілікті тұрғынның шетелдік көлігін ауласында тұрған жерінен айдап алып кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Байқоңыр қаласының тұрғыны полицияға арызданған еді. Осы бағытта Қызылорда облысының Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізді.

«Нәтижесінде республикалық маңызы бар трассаның Қазалы ауданындағы тұсында көлік құралын заңсыз иемденіп кеткен 41 жастағы, бұрын сотты болған күдікті ұсталды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда втомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар