Қызылордада жеңіл көлік жүргіншілер жолағында адам қағып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жеңіл көлік жүргіншілер жолағында адам қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға кеше, 21 қазанда сағат 20.30 шамасында Қызылорда қаласы Абай даңғылы бойында болған. Сол сәтте «Mercedes-Benz» маркалы автокөлік жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан жаяу кісіні қағып өткен. Соның салдарынан ол қалалық аурухананың «травматология» бөлімшесіне жатқызылды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар