Қызылордада жаяу жүргіншіні көлік қағу оқиғалары жиілеп кеткен

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жаяу жүргінші қағу деректері жиілеп кеткен. Ол былтырғы жол-көлік оқиғаларының 41 процентін құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мәселе Қызылорда облыстық прокуратурасында өткізілген мәжіліс барысында талқыланды. Статистикалық мәлімет бойынша өткен жылы облыста 581 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 135 адам қаза тауып, 677 адам түрлі жарақат алған.

Сондай-ақ, облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарда 71 жол-көлік оқиғасы орын алып, 40 адам қаза тапқан. 102 адам жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар