Қызылордада жасы жетпістен асқан екі қария коронавирус жұқтырған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда жасы жетпістен асқан екі ер азаматқа коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, ауру жұқтырғандардың барлығы - Қызылорда қаласының тұрғындары. Олар - 1947, 1948, 1972 жылы туған ер және 1984, 1997 жылғы әйел адамдар.

«Төрт адамнан ПТР анализдері вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты тексерілді. Ал біреуінен ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес қауіпті топтарды скринингтеу кезінде алынған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошағында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті ведомство өкілдері.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 255 адам тіркелген. Оның ішінде 216 адам емделіп шыққан.


Соңғы жаңалықтар