Қызылордада жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында түнгі уақытта жасөспірімдер өзара келіспей, жаппай төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қызылорда қаласының орталық бөлігінде болды. Түнгі уақытта жасөспірімдер өзара келіспей, шу шығарған. Сол жерде патрульдік полиция қызметкерлері бірнеше жасөспірімді ұстады.

«Кәмелетке толмағандар қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Дене жарақатын алып, зардап шеккендер жоқ. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды.

Соңғы жаңалықтар