Қызылордада жаңа оқу жылының 19 күнінде 107 оқушы коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жаңа оқу жылының алғашқы 19 күнінде 107 оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы көрсеткіштер бойынша аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Алайда оқушылар арасында вирус жұқтырғандар бар. Жаңа оқу жылының алғашқы 19 күнінде 107 бала коронавирус жұқтырды.

«Өңірдегі 98 мектептің 107 оқушысы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Басым бөлігі қала мектептерінде анықталды. Соның салдарынан 107 сынып 14 күнге карантинге жіберілді. Сондай-ақ дәстүрлі форматта оқу процесін бастаған мектеп мұғалімдері арасында КВИ-дің 17 дерегі есепке алынды. Байланыста болғандар шеңбері анықталып, эпидемияға қарсы барлық шаралар орындалды», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Динара Жаңабергенова.

Айта кету керек, облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 17 403 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте 41 дерек анықталды. Олардың басым көпшілігі эпидкөрсеткіштер бойынша ПТР тапсыру кезінде белгілі болса, 4 жағдай науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар арасында нақтыланды.

Қызылорда облысында 1 мыңнан астам адамның өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны анықталды.



Соңғы жаңалықтар