Қызылордада жақын күндері модульді аурухана пайдалануға беріледі

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жақын күндері модульді аурухана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде эпидахуал тым күрделеніп барады. Ауру саны күн сайын өршуде.

Кейінгі күндері облыста бір тәулікте 220-257 жағдай тіркелуде. Науқастардың көбеюіне байланысты аурухана жүктемесі артып отыр. Облыс әкімінің тапсырмасы негізінде Қызылорда қаласында модульді аурухана алдағы аптада пайдалануға беріледі», - деді облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова.

Өңірде індеттің таралуы ұжымдастар арасында, отбасылық іс-шаралар және көпшіліктің жиналуы секілді кеелңсіз жағдайлар себепші болып отыр. белең алып жатқандығын айтты. Сондай-ақ Кейбір науқастардың көбісінің қайдан жұқтырғанын анықтау қиынға түсуде. Яғни, кез-келген адамнан жұғу ықтималдығы жоғары.

Қазір науқастардың көбісін зейнеткерлер, жұмыссыздар және балалар құрап отыр. Сондай-ақ, олардың 99 пайызы екпе алмағандар.

Ал жыл басынан бері Қызылорда қаласында 6290 адам коронавирус жұқтырған. Ал аудандар бойынша жоғары көрсеткіш Жаңақорған, Шиелі және Сырдарияда анықталуда.

«Былтыр дәл мұндай көрсеткіш болған жоқ. Індет жұқтырғандардың 1147-і 14 жасқа дейінгі балалар. Былтыр 213 қана бала ауырғанын ескерсек, биыл көрсеткіш 5,3 есеге өсіп отыр», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазиловтың айтуынша, аймағымызда инфекциялық стационарда 1059 науқас, реанимациялық төсек-орында 67 науқас ем қабылдап жатыр. Өңірдегі ахуалға сәйкес медициналық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Ал 28 шілдеден бастап ауруханалардағы төсек-орын саны артып 1970-ке жетті. Оның ішінде реанимациялық орын саны 146 төсекті құрайды. Амбулаторлы түрдегі емдеу жұмыстары да жүргізілуде. 138 дәрігерлік мобильдік топ күніне 40 шақырысқа барса, жедел жәрдем қызметі 1500 шақырысқа дейін орындауда.

Айта кету керек, індеттің алдын алу бағытында мониторингтік мобильді топтар да жұмысын күшейткен. Осы уақытқа дейін карантин талаптарын бұзған 431 дерек тіркеліп, оның ішінде 286 тұрғынның той жасағаны анықталған.

Соңғы жаңалықтар