Қызылордада вакцина салдырғандар саны 39601 адамға жетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина салдырған тұрғындар саны 39601 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, тұрғындар ресейлік «Спутник V» және қазақстандық «QazCovid» вакциналарын салдыруға ниет білдірді. Бүгінгі күнге дейін «Спутник V» вакцинасының 56300 дозасы жеткізіліп, оның 38942 дозасы игерілді. Аталған вакцинаның 29700-і облыс орталығындағы емханаларға таратылып, 20802-і пайдаланылды. Ал «QazCovid» әзірге тек Қызылорда қаласы тұрғындарына салынуда.

«Қазіргі таңда қатерлі індетке екпе қабылдаған азаматтар қатарында облыс орталығы тұрғындары 21161 адамды құраса, ол аудандарда 18440 адамға жетті. Айта кетерлігі, күннен-күнге вакцина салдырушылар қатары артып келеді. Мәселен, 30 сәуірде 6832 адам сол тізімге енгізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салсақ, Қызылордада карантин талабына байланысты жаңа қаулы күшіне енді.



Соңғы жаңалықтар