Қызылордада үй ауласындағы көлік өртеніп кетті: Бірнеше күдікті ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында тұрғын үй жанында тұрған көлік толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше, 21 қарашада сағат 22.44-те болды. Қызылорда қаласында Байқоңыр көшесіндегі тұрғын үй жанында тұрған «Opel Vectra» автокөлігі отқа оранды.

«Өрт 22.59-де оқшауланды. Ал 23.01-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 9 адам, 2 техника барды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.

Алдын ала болжам – көлікке қасақана өрт қойылған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы аталған іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаға күдікті ретінде 22 қарашада Қызылорда қаласының азаматтары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп мәлім етті полиция басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар