Қызылордада учаскелік полицей есірткі саудасымен айналысқан

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында есірткі қылмысына қатысы бар учаскелік полиция қызметкері қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері осы мақсатта арнайы жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырды. Нәтижесінде учаскелік полиция инспекторы есірткі затын өткізгендігі анықталды. Полиция қызметкері 10 наурыз күні қолға түсті. Ол уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Еліміздің ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша барлық бөліністе өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жеке құрам арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың барлық түрлерінің алдын алатын болады. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық мәселесі де бар. Полицияда атына кір келтірмейтін, адал және жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлер жұмыс істеуі тиіс», – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.


Соңғы жаңалықтар