Қызылордада түрмедегі сотталушыға келген дөнердің ішінен марихуана табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жазасын өтеп жатқан азаматқа жолданған дөнер ішінен есірткі заты табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі заты анықталды.

Мекеме қызметкерлері жоғарыда аталған сотталғанға келген сәлем-сауқатты тексеру барысында 3 дана донер арасына салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тектес заты тәркіленді.

«Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды. Салмағы 31,18 граммды құрайтын кептірілген марихуана екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүріп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде ұрлық жасағандар ұсталды.


Соңғы жаңалықтар