Қызылордада түн ішінде қоғамдық орында тәртіпсіздікке жол берген жасөспірімдер ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында түн ішінде қоғамдық орында тәртіпсіздікке жол берген оннан астам жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға аудан орталығындағы сапаржай маңында болған. Сол аумақта белгісіз азаматтар түнгі сағат 2.00 шамасында автотұрақта тұрған автокөлікке тас лақтырып, зақымдаған. Одан бөлек, тұрақ жанындағы ғимаратта орналасқан дүкенге де материалдық шығын келтірілген.

«Жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде күдікті ретінде аудан тұрғыны полицияға жеткізілді. Одан басқа тағы 10 адам полицейлер алдында жауап берді. Жарақат алғандар жоқ. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның орын алу себептері мен мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар