Қызылордада тәркіленген 162 қару белгіленген тәртіпке сай жойылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тәркіленген 162 қару белгіленген тәртіпке сай жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордалық полицейлер азаматтардан тәркіленген, ерікті тапсырған, тұрғындар тауып алған қару, оқ-дәрі және суық қаруларды айналымнан алып тастау мақсатында қару жою науқанын өткізді. Бұл мақсатта техникалық комиссия құрылды. Комиссия құрамына облыстық Полиция департаментінің тиісті сала қызметкерлері енгізілді.

«Акция барысында тұрғындар тарапынан ерікті түрде 1171 дана қару қабылданды. Атап айтқанда, оның ішінде 38 ойық ұңғылы, 1085 тегіс ұңғылы, 9 шолақ мылтық және 39 газды травматикалық қару бар. Аталған қарулар облыстық полиция департаментіне қабылданды. Жойылуға жататын қаруларға жарамсыздандыру жұмыстары жүргізіліді. Нәтижесінде 1009 қару әскери және арнайы жабдықтау базасына өткізілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, заңсыз айналымнан алынған атыс қарулары тұрақты түрде жойылады. Бүгінгі күні полиция қызметкерлерімен қалған 162 қаруға белгіленген тәртіпке сай жою процесі жүргізілді.

Сондай-ақ, Қызылордада бейнебақылау камерасының көмегімен 92 қылмыстың беті ашылды.

Соңғы жаңалықтар