Қызылордада Сырдария өзенінің бетінде қалқып жүрген белгісіз адамның мәйіті табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада Сырдария өзенінің бетінде қалқып жүрген белгісіз адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға жергілікті уақытпен 09.28-де тіркелді. Дария бетінде қалқып жүрген белгісіз адамның мәйіті табылған.

«Оқиға орнына 7 құтқарушы 1 техникамен барды. Әзірге бұл азаматтың кім екені белгісіз. Ол - шамамен 35-40 жастағы азамат. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің өкілдері.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қызылорда облысында 51 жастағы азамат каналдағы суға батып кеткен болатын
Соңғы жаңалықтар