+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылордада «Сыр үміті» облыстық жастар форумы өтті

2019 жылғы 30 қараша 03:19
Бөлісіңіз:
Қызылордада «Сыр үміті» облыстық жастар форумы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Тұңғыш Президент күніне орай «Сыр үміті» облыстық жастар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара аясында Жастар орталығы жанынан продюсерлік орталық ашылды.

Биыл Сыр өңірінде өз саласында жетістікке жеткен жастар түрлі марапаттарға ие болды. Осындай қолдаудың нәтижесінде 125 жас азамат қала, аудан әкімдерінің арнайы сыйлықтарына қол жеткізді. 2016 жылдан бері тоқтап қалған облыс әкімінің «Сыр үміті» форумы биыл қайта жалғасын тапты. Сондай-ақ, аймақтың белсенді жастары Ғани Мұратбаев атындағы республикалық сыйлықпен марапатталып келеді.

Биыл облыста Жастар жылын өткізу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына ұсынылған жаңа жобалар қолдау тапты. Нәтижесінде аймақ жастарының ұсынысымен тұңғыш рет көршілес орналасқан түркітілдес алты ел (Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Башқұрстан, Түркия, Татарстан) жастарының халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. Ал республикалық шараларға тоқталсақ, Қызылорда облысының бастамашылығымен халықаралық деңгейдегі тренерлер шақырылып, жас IT-мамандарды даярлауға бағытталған «Жастар IT эшелоны», аймақтың туристік әлеуетін насихаттау, тарихи-мәдени орындарды таныстыруға бағытталған республикалық лагерь, облыс әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» ойыншыларының республикалық әзіл кеші ұйымдастырылды. Оған қоса «Көңілді тапқырлар алаңы» қатысушыларымен ашық аспан астындағы жастар кеші, ауыл жастарының слеті, жастар еңбек бригадаларының кездесуі өтті. Сондай-ақ, жастардың стартап бизнес идеяларын жинақтап, инвесторлар алдында қорғауға ықпал ететін «Kyzylorda Business Hub» жаңа жобасы пилоттық режімде бірінші рет ұйымдастырылды.

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов өз саласында жетістікке жетіп, марапатқа ие болған барша жастарды құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

«Осы жылы аудандық деңгейдегі 3 жастар ресурстық орталығы қайта жаңғыртудан өтсе, Қызылорда қаласындағы Орталық жаңа ғимаратқа орналастырылды. Ал, Байқоңыр қаласы жастары үшін арнайы ғимаратты қайта жаңғыртудан өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлінді. Биылғы жылы жастар бастамаларын қолдау мен олардың шығармашылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларға қаралған қаржы көлемі 34 пайызға артты. Бұл бағыттағы қаржыға жастар қоғамдық ұйымдары былтыр 37 жоба жүзеге асырса, биыл олардың саны 49-ға жетті. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасына сәйкес студент жастарды 2022 жылға дейін жатақханамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында биыл 330 орынға арналған Қызылорда медицина жоғары колледжінің жатақхана құрылысы аяқталады. Ол желтоқсан айында пайдалануға берілетін болады», - деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT