Қызылордада соғыс ардагерлеріне берілетін көмек көлемі ұлғайтылады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жеңіс күніне орай Қызылорда облысында соғыс ардагерлеріне біржолғы ақшалай көмек көлемін арттыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамыр айында облыстағы соғыс ардагерлері 303 мың теңге алды. Ал сәуір айында ардагерлерге 202 мың теңгеден берілген еді.

«Қосымша облыстық бюджеттен 303 мың теңгеден материалдық көмек төленетін болды. Осылайша Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне жалпы 505 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Қосымша әлеуметтік көмек мамыр айында ардагерлердің жеке шотына толығымен аударылады. Ардагерлер қатары жылдан жылға азайып келеді, оларға қуаныш сыйлап, бүгінгі бейбіт өміріміз үшін алғыс айтқымыз келеді», - деді Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтынкүл Есқараева.

Мамыр айының бірінші онкүндігі өңірде Жеңіс мерекесіне арналған көрмелер, концерттер, ардагерлермен кездесулер өтуде. 7 мамырда облыс орталығында Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара және ардагерлерді салтанатты қабылдау ұйымдастырылған болатын.null

Соңғы жаңалықтар