Қызылордада сиыр су құбырының шұңқырына түсіп кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада құтқарушылар су құбырының шұңқырына түсіп кеткен сиырды шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға облыс орталығындағы СПМК-70 тұрғын ауданында болды.

«Су құбырының шұңқырына сиырдың түсіп кеткендігі жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама түсті. Аталған шақырту бойынша жедел құтқару жасағы оқиға орнына барды. Құтқарушылар айналма су құбыры ішіне түсіп кеткен сиырды қауіпсіз жерге шығарып берді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысында қора отқа оранған еді.

Оқыс оқиға Шиелі ауданы, Н. Бекежанов ауылында болды. Өрт салдарынан 30 бас жаңа туған қозы жанып кетті.


Соңғы жаңалықтар