Қызылордада полицияға пара бермек болған көлік жүргізушісі ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада автокөлік жүргізушісі патрульдік полиция қызметкерлеріне пара беру үстінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы полиция департаменті қызметкерлерімен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында автокөлік жүргізушісі олардан әкімшілік хаттама толтырмауын сұраған.

«Күдікті кінәсін толық мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерек бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР Қылмыстық Кодексінің 367-бабының 1-бөлігімен (пара беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар