+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Қызылордада өртенген жүк көлігінде бір адам көз жұмды

2021 жылғы 18 қаңтар 13:10
Бөлісіңіз:
Қызылордада өртенген жүк көлігінде бір адам көз жұмды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екі жүк көлігі соқтығысуынан өрт шығып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
1 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі СҚО полицейлері көлігімен жолда қалған Түркия азаматына көмектесті Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды

Оқиға Шымкент-Самара» тас жолының Арал ауданы аумағындағы 1260 шақырымында болды. Жол бойында Өзбекстаннан Латвияға бағыт алған жүк автокөлігі қарама-қарсы бағытта Ақтөбе облысынан келе жатқан екінші жүк автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан екі автокөліктен өрт шыққан.

«Жол-көлік оқиғасынан Ақтөбеден келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі өрт болған автокөлік ішінен шыға алмай, оқиға орнында қайтыс болды. Жол - көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын Қызылордадағы жол апатынан тағы екі адам көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT