Қызылордада өртенген жеке үйде бір жастағы сәби көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жеке үй өртеніп, бір жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 18 ақпанда сағат 00.50 шамасында болды. Облыс орталығындағы Кызылжарма шағын ауданы аумағында тұрғын үйде өрт шыққан.

«Өрт орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 техникамен 16 қызметкер барды. Жалынға оранған үй ішінен әйел мен төрт қызы шығып үлгерген. Жалын 01.23-те толығымен сөндірілді. Үйден 2019 жылы дүниеге келген шарананың мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада шағын автобус өртеніп кетті.



Соңғы жаңалықтар