Қызылордада өртенген пәтерден бір адам құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада үш қабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінен шықты. Қою түтін арасынан ес-түссіз жатқан 53 жастағы адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пәтер иесі көмірқышқыл газына уланып қалған. Ол облыстық медицина орталығына жатқызылды.

«Өрттің шығыны мен шығу себебі анықталуда. Өрттің құжаттары Қызылорда қалалық полиция басқармасына процессуалды шешім қабылдауға жолданды. Жыл басынан бері 34 өрт оқиғасы орын алып, бір адам қаза тапты», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел басқару орталығы бастығының міндетін атқарушы Нұрбол Исанов.

Бұған дейін Қызылордада көп қабатты үйдегі өрттен 47 адам эвакуацияланған болатын.


Соңғы жаңалықтар