Қызылордада небәрі 18 күннің ішінде 754 адам коронавирус жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында сәуір айының 18 күнінде 754 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы қазір коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасында «сары аймақта» тұр. Ал Сырдария ауданы «қызыл аймаққа» кіргізілген. Облыс орталығы мен қалған аудандар «сары» және «жасыл» аймаққа енгізілген.

«Облыста қатерлі індетті жұқтырған тұрғындардың басым бөлігі қарым-қатынас арқылы жұқтырып отыр. Сондықтан олардан барлық сақтық шараларына назар аударуды сұраймыз», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Өткен тәулікте облыста 35 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 24-і Қызылорда қаласында тұратын болса, аудандар бойынша Жаңақорғанда -5, Шиелі мен Қармақшыда - 2, Жалағаш пен Сырдарияда - 1 адам тіркелді.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 19 732 адам коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады.



Соңғы жаңалықтар