Қызылордада медицина қызметкерлері арасында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші азайды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында медицина қызметкерлерінің COVID-19 жұқтыру көрсеткіші азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста 4 843 адам коронавирус індетін жұқтырды. Өткен тәулікте 45 дерек тіркелді. Инфекциялық және провизорлық стационарларда 3200-ге дейін орын дайын. Ал 518 орын орталықтандырылған оттегімен қамтылған. Кеселмен күресу үшін облыстағы медициналық ұйымдар 686 оттегі концентраторы, 251 ӨЖЖ, 8 компьютер томография және 66 рентген аппаратымен қамтылған.

«Бүгінде медициналық мекемелер мен дәріханалар қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмектің 2 айға жететін қоры жасақталды. Жалпы, дәрілік заттардың тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 488 млн теңге қаржы бөлінді. Науқастарды белгіленген хаттамаға сәйкес емдеп жатырмыз. Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтыру көрсеткіші азайды. Қазір барынша сақтық шарасына мән беріп, ем-дом жүргізілуде», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов.

Ақпан айынан бері облыста коронавирусқа қарсы 20 644 адам екпе салдырды.

Еске салсақ, Қызылордада сәуір айының небәрі 18 күнінде 754 адам коронавирус жұқтырды.




Соңғы жаңалықтар