Қызылордада коронавирус инфекциясынан 28 медицина қызметкері емделіп шықты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 медицина қызметкері ауруынан емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір облыста барлығы 200 адам сырқатынан айығып шықты. Ал өңірде жалпы вирус жұқтырған 245 адам тіркелген.

«Коронавирус анықталған азаматтардың ішінде 20-29 жастағылар 71 адамды құрайды. Ал 23 адам 0-14, 11 адам 15-19, 37 адам 30-39, 40 адам 40-49, 31 адам 50-59 жастағылар болса, 32 адам 60 жастан жоғарылар», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған 3343 азамат бар. Оның ішінде тікелей қарым-қатынаста болғаны –1869, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1474 адам.

Облыс бойынша 15 мамыр күні барлығы 669 сынама алынды. Нәтижесінде 338-і теріс мәнді, оң мәнді сынама жоқ. Ал 281 сынамамен жұмыс жасалуда.

Бұдан бұрын Қызылордаға Атыраудан келген 13 адамға коронавирус диагнозы қойылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар