Қызылордада коронавирус инфекциясына қарсы дәрілік заттар жеткілікті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус инфекциясына қарсы дәрілік заттар жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде коронавирус инфекциясына қарсы дәрілік заттар қорының жасақтауға маңыз беріліп отыр. Мәселен антибиотиктердің 438 271, вирусқа қарсы препараттың 12 828 және антикоагулянттардың 1630, ыстықты түсіретін 177 897 мың қорабы бар.

«Биыл 6512 дәрілік зат атауына шекті баға бекітілді. Яғни вирусқа қарсы 230 дәріге нарықтан төмен шекті баға енгізілді. Дәрі-дәрмектерге мониторинг тұрақты жүргізілуде», - деді облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалима Азирова.

Сондай-ақ, аймақтағы 17 фармацевтикалық ұйымды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында 281,2 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бөлінген айналым қаражатына ыстықты түсіретін, антибиотиктер, вирусқа қарсы, иммуностимуляторлар, медициналық бұйымдар, инъекциялық және гормондық препараттар сатып алынды. Тағы да қосымша 1,2 млн. теңгені құрайтын дәрілік заттар жеткізіледі.

Еске сала кетейік, Қызылордада сәуір айында 8 күнде 244 адам коронавирус жұқтырды.



Соңғы жаңалықтар