Қызылордада қорасында есірткі өсірген 61 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық елді мекенінде 61 жастағы тұрғын өз ауласында есірткі өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір Қызылорда облысында полиция қызметкерлері «Қарасора» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Аталған шара барысында полиция қызметкерлері Төменарық ауылындағы тұрғынның ауласынан өсіп тұрған ерекше иісі бар жасыл түсті шөпті анықтады. Тұрғын заң тыйым салған есірткі затына ұқсас өсімдікті өз үйінің ауласындағы мал қораның ішіне заңсыз еккен.

«Қазір 61 жастағы тұрғыны ұсталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы қызметкерлері тыйым салынған ерекше иісі бар жасыл түсті шөп анықтады. Аталған заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды. Тиісті сараптама тағайындалды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Онда құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру жағдайы көрсетілген. Күдікті тұлға аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. «Қарасора» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіге қатысты 24 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 13 дерегі бар», - дейді Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

Сондай-ақ, Қызылордада 254 келі балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды.


Соңғы жаңалықтар