Қызылордада қора өртеніп, 30 қозы жанып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында қора өртеніп, 30 қозы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 2 мамырда сағат 14.00 шамасында Шиелі ауданы, Н. Бекежанов ауылында болды. Елді мекендегі мал қора толығымен жанып кеткен.

«112» құтқару қызметіне хабарлама түскеннен кейін, 7 шақырым жерде ең жақын орналасқан өрт сөндіру қызметінің бөлімі дереу жетті. Мамандар оқиға орнына барғанда көлемі 80 шаршы метрді құрайтын мал қора жанып жатқан. Оның қабырғасы кесектен салынып, төбесі қаңылтырмен жабылған. Өрт сөндірушілердің іс-қимылының арқасында өрт сағат 15.15-те толығымен жойылды. Оқиға барысында 30 бас жаңа туған қозы жанып кетті. Өртті сөндіруге 7 қызметкер 1 техника жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қызылордада жеңіл автокөлік өртеніп, бір адамды күйік шалған болатын.


Соңғы жаңалықтар