Қызылордада көпір мен 2 тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Жаңа жыл қарсаңында Шіркейлі каналы үстінен салынған көпір мен облыс орталығының сол жағалауында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 2 тұрғын үйдің пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, көпшілікке жылы лебізін білдірді.

Жаңа 40 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы басталған. Жоба құны - 961,4 млн. теңге. Биыл облыста барлық қаржыландыру көзінен 1 946 пәтерді құрайтын 98 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 1 741 пәтерлік 38 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Келер жылы Сырдария өзенінің сол жағалауында тағы 725 пәтерлік көпқабатты 15 тұрғын үйдің кілті табысталады деп жоспарланған.


Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шіркейлі каналының үстінен салынған көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне де қатысты.


«Бүгін, жыл тоғысар тұста Сырдария өзенінің сол жағалауын Шіркейлі арнасы арқылы халықаралық автодәлізбен қосатын автомобиль көпірі пайдалануға берілді. Бұл көпір облыс тұрғындарының алтын уақытын үнемдеуге зор септігін тигізеді. Бүгінгі көпірді пайдалануға беру арқылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын оң тенденция арттыратын боламыз», - деді облыс әкімі.

«Шіркейлі» арнасы арқылы көпір салуға 599 млн теңге жұмсалған. Көпірдің ұзындығы - 81,8 метр, онда 4 қозғалыс жолағы бар. Қозғалыс жолағының ені - 3,75 метр.

Көпір «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Сервис НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екі жыл ішінде аяқтап шықты.

Сондай-ақ, биыл Қызылордада орман өсіру көлемін ұлғайту жоспары бекітілді.


Соңғы жаңалықтар