Қызылордада кинотеатрлар жұмысын қайта бастайды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында кинотеатрлардың қызметіне салынған шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2022 жылғы 19 қаңтарда шыққан №2 қаулысында көрсетілген.

Қаулыға сәйкес Ashyq жобасына қатысуына қарамастан кинотеатрлардың қызметіне салынған шектеу алынып тасталды

«Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша 600 оқушыға дейінгі облыс және аудан орталықтарындағы мектептерді дәстүрлі форматта оқыту жоспарланып отыр. Ал облыс орталығындағы 600 оқушыдан жоғары мектептер қашықтықтан оқыту форматында (ауылдық жерлердегі 600 оқушыдан жоғары мектептер - дәстүрлі форматта) жүргізіледі. Ал жоғары оқу орындары және колледждердің барлық курс студенттеріне аралас форматта оқыту қолданылады. Нақты айтқанда, барлық дәрістер қашықтықтан оқыту форматында жүргізілсе, икемді кесте бойынша: тәжірибелік, зертханалық, семинар сабақтары дәстүрлі форматта жоспарланған», - деді Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Қаулы 2022 жылғы 19 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, Қызылордада коронавирусқа шалдыққандар арасында вакцина алғандар үлесі - небәрі 0,4%.


Соңғы жаңалықтар