Қызылордада карантиндік шектеу шаралары күшейтілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыда «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, қалааралық, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымалдары, жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттракциондар қызметтері уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысқанына қарамастан сенбі, жексенбі күндері қоғамдық жолаушы тасымалдаушы қызметіне, спорттық объектілердің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), қоғамдық тамақтану объектілері, фурдкордтардың (тамақты жеткізу бойынша рұқсат етіледі), фитнес-орталықтары, фитнес-клубтары, йога-орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, сауна, монша, СПА-орталықтары, бассейндердің жұмысына тыйым салынады. Осындай талап кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктердің, алаңы 500 шаршы метрге дейін азық-түлік емес дүкендер мен жабық базарлардың, компьютерлік клубтар, боулингтер, бильярд клубтары, караоке, түнгі клубтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары мен үйірмелері, балалардың түзету кабинеттері, балаларға арналған көңіл көтеру орталықтарының жұмыстарына қойылған. Бұл талап банктер, ХҚКО, Казпошта бөлімшелерінің, діни объектілердің, мәдени және демалыс парктерінің жұмысында да қолданылады.

Ал жұмыс күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын мейрамханалар, дәмханалар, кофехана типі бойынша толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін шектеледі. Оған қоса фитнес-орталықтары, фитнес-клубтары, йога-орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары, сауна, монша, СПА-орталықтары, бассейндер бойынша «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін; кинотеатрлар бойынша «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін шектеледі.

Мұндай талап балаларға арналған көңіл көтеру орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайдағы аттракциондар) бойынша «Ashyq» жобасына қатысушыларға жұмыс уақыты 20:00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспаушыларына жұмыс уақыты 17:00-ге дейін, СОО, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмыс уақыты 20:00-ге дейін қойылған. Ал жабық базарлар 20:00-ге, мәдени және демалыс парктерінің жұмыс уақыты 22:00-ге шектеледі.

Ал барлық мекеме қызметкерлерінің 80%-ын алыстан жұмыс жасау форматына ауыстыру (вакциналанған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзделген.


Соңғы жаңалықтар