Қызылордада қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін қала күні мерекесі қарсаңында Қызылордада қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласының мерейлі мерекесінің салтанатты ашылуы «Қалалық денсаулық және демалыс саябағының» пайдалануға беруімен басталды. Аталған шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Облыс орталығының келбетіне әрлендіре түскен аллея қаладағы көрікті орындардың біріне айналмақ. Саябақтың ашылу рәсімінде облыс әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап ізгі лебізін білдірді.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдағы уақытта саябақта кәсіпкерлердің қолдауымен ойын аттракциондары орнатылып, мұнда спорттық, патриоттық іс-шаралар өткізелітінін айтып өтті.

Айта кетейік, саябақ 35 гектар аумақта орналасқан. Мұнда веложол, 6 спорттық ойын алаңы, түнгі жарық шамдары барлығы үйлесімді орналасқан. Сонымен қатар 20 мыңнан астам көшет пен 61 мыңға жуық гүлдер егілген. Саябақта барлығы 10 мыңнан астам шаршы метр аумақ абаттандырылған.

Сондай-ақ, Қызылордада шағын кәсіпкерлік нысандарының саны артты.


Соңғы жаңалықтар