+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қызылордада қала ортасынан ірі есірткі алқабы анықталды

2021 жылғы 15 маусым 01:06
Бөлісіңіз:
Қызылордада қала ортасынан ірі есірткі алқабы анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полицейлер қала ортасында орналасқан үйден есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды Атырау облысында шекарашылар 50 мың түп қарасора өртеді СҚО-да ауыл тұрғыны интернет-алаяқтардың құрығына түсіп, 2 млн теңгесінен айырылды

Облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Полицейлер жергілікті тұрғынның үйіне тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде ауласынан 189 түп есірткі өсімдігін тәркілеп, гаражынан газет қиындысына оралған жасыл түсті өсімдікті тапты.

«Жүргізілген сапартама нәтижесінде ауласынан алынған өсімдік сора екені нақтыланды. Ал гараждан алынған өсімдік кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру жағдайы көрсетілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT