Қызылордада қала күні апта бойы тойланады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар апта бойы тойланады. Бұл шаралар карантин талаптарын сақтай отырып жаңа тәсілдерді қолдану арқылы ақпараттық тұрғыда және онлайн форматта ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар 21-26 қыркүйек аралығында өткізіледі. Мерекелік шараларды өткізу эпидемияға қарсы карантиндік режимге байланысты санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдар оны қабылданған шектеулерге байланысты үйлестіреді.

«Осы ретте іс-шаралар жоспарын дайындау барысында карантиндік ахуал ескеріледі. Сол арқылы халықтың жаппай жиналуына жол берілмейді. Бұл орайда жаңа тәсілдерді қолдану арқылы ақпараттық тұрғыда жүргізіледі. Мәселен, 60-қа жуық мерекелік іс-шара онлайн форматта әлеуметтік желілер арқылы көрсетіледі. Негізгі мерекелік шаралар 25 қыркүйекте жаңадан және қайта жаңғыртудан өткен әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру салтанатымен жалғасады», - дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов.

Қала күнінде облыс және қала әкімдерінің қатысуымен «Денсаулық» саябағы, қайта жаңғыртудан өткен «Сыр-Ана» алаңы, Жаппасбай батыр көшесі бойындағы жаңа №282 мектеп-лицейі, облыстық медицина орталығы алдындағы «Дәрігерлер аллеясы», жаңадан салынған балалар ойын алаңдары ел игілігіне айналады. Сондай-ақ. сол күні мемлекет және қоғам қайраткері Ы. Қалиевтің ескерткіш бюстінің ашылып, қайта жаңғыртудан өткен «Тағзым» алаңының көпшілік көзайымына айналады. Сол жағалауда көпқабатты тұрғын үйлерден тұрғындарға пәтер кілті табысталады. 26 қыркүйекте ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

Сондай-ақ, қызылордалық диқандар бау-бақша өнімдерін экспортқа шығармақ.


фото:https://aqmeshit-aptalygy.kz/


Соңғы жаңалықтар