Қызылордада индорхоккейден ел біріншілігі басталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада индорхоккейден жігіттер мен қыздар арасындағы ел біріншілігінің үшінші және төртінші айналымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел біріншілігі Қызылорда қаласы №2 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтіп жатыр.

Оған Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарының командалары қатысуда.

Дүбірлі дода 16 қараша күні аяқталады. Жарыс күн сайын өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар