Қызылордада екпе алуға тиіс тұрғындардың 75 пайызы вакцина салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 339 мыңнан астам қамтылды. Бұл - екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 75 пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде індет тіркелгеннен бері коронавирус инфекциясымен 18414 науқас тіркелді. Өткен тәулікте 22 жағдай анықталды. Науқастардың 96 пайызы емделіп шықты, ол 17591 адамды құрайды.

Қазір облыс бойынша инфекциялық стационарда 205 науқас (жүктеме 37 пайыз) емделуде. Ал реанимациялық төсек-орында 28 науқас ем қабылдауда (жүктеме 35 пайыз).

«Бүгінде Қызылорда «жасыл аймақ» қатарында. Дегенмен салғырттыққа жол жоқ. Облыста коронавирусқа қарсы иммундау науқаны бойынша 106 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 91 кабинет халыққа қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, ұйымдасқан ұжымдарда, адам көп жиналатын жерлерде (ірі сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқалар) КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізу үшін арнайы орындар белгіленді. Бұл орындар оқытылған медициналық мамандармен жасақталған. Онда арнайы тоңазытқыш жабдығы бар», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Ведомство мәліметінше, биылғы жылдың ақпан айынан бастап өңірде вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны 339 506 адамды құрады.

О л - екпе қабылдауға қабілетті тұрғындардың 75 пайызы.

Екінші компонентпен қамтылғаны - 273 970 адам (60,6 пайыз).


Соңғы жаңалықтар