Қызылордада екі жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында екі жасар бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 2 маусымда сағат 10.20-да облыс орталығында орналасқан Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы бес қабатты үйде болды.

«Сәби ата-анасының бақылауынсыз қалған. Салдарынан үшінші қабатағы терезеден құлап кеткен. Ол облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, Қызылордада биыл көпқабатты үйден бес бала құлап кеткен.

Соңғы төрт жылда осындай оқиғалар салдарынан 2 бала қаза тауып, 20 бала түрлі дене жарақатын алған. Атап айтқанда, 2018 жылы - 4, 2019 жылы - 7, 2020 жылы - 6, биыл 5 бала осындай келеңсіз жағдайға ұшырады.


Соңғы жаңалықтар