Қызылордада екі зейнеткер коронавирус инфекциясын жұқтырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында егде жастағы екі қария коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тіркелген 3 науқас - Қызылорда қаласының тұрғындары. Олар -1951, 1954 жылдары дүниеге келген ер және 1986 жылғы әйел адам.

«Науқастардың барлығынан ПТР анализдері ауру жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға жатқызылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, науқастармен қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 278 адам тіркелген. Оның ішінде 221 адам емделіп шықты.

Бұдан бұрын Қызылорда облысында кейбір шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін екенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар