Қызылордада екі тұрғын ақбөкен мүйізімен қолға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тұрғындар пайдалануға тыйым салынған ақбөкен мүйізімен қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс аумағында 10-17 ақпан күндері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде Қазалы және Арал аудандарында полиэтилен пакетке ақбөкен мүйізін салып алған жергілікті тұрғындар қолға түсті.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Онда өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар