Қызылордада екі күннен бері хабарсыз кеткен қызға іздеу жарияланды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында екі күннен бері хабарсыз кеткен 17 жастағы қызға іздеу жарияланды. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ол 8 сәуірде сағат 18.30 шамасында жұмыс орнынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті 2004 жылдың 18 ақпанында дүниеге келген Серікбаева Ғалия Нұртуғанқызына іздеу салады. Белгілеріне тоқтала кетсек: бойы 160 см, орташа денелі. Шашы белден келеді, ашық қоңыр түсті. Көзі қоңыр түсті, қысыңқы. Қараторы келген. Үстіне қызыл түсті куртка, қызыл түсті көйлек, қара түсті джинсы шалбар, аяғына қызыл түсті кроссовка киген.

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда : 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабар беруді сұраймыз», - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қызылордада 3 жыл бұрын жоғалған адам Түркістаннан табылған болатын.


Соңғы жаңалықтар