Қызылордада екі көлік соғылып, 4 адам зардап шекті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2 мамыр күні Қызылорда қаласына қарасты Талсуат елді мекені тұсында болды. «Жол-көлік оқиғасынан төрт жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Оның ішінде 1 азаматша және 3 жасөспірім бар. Көз жұмғандар жоқ. Жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар