Қызылордада екі ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бүгін екі ауылдық округте әкім сайлау шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саяси маңызды шара Арал ауданындағы Аққұм және Шиелі ауданындағы Талаптан ауылдық округтерінде ұйымдастырылуда.

Дауыс беру таңғы 07:00-де басталып, кешкі 20:00-де аяқталады.

Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз-шағым түскен жоқ.

Жалпы 2 сайлау округінде 3527 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде. Барлық учаскелерде азаматтарға тиісті жағдайлар жасалған. Пандемия жағдайында сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін тиісті шаралар қабылданған.

Сайлауға қатысатын 16 сайлау комиссияларының мүшелері бетпердемен, арнайы қолғаппен, антисептикпен жеткілікті түрде қамтылған. Дауыс беруге келетін сайлаушылар мен басқа да азаматтарға антисептиктер, термометрлер орнатылған. Келген сайлаушыларға бетперделер дайындалған. Барлық сайлау учаскелері дәрігер мамандармен қамтылған.

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 1 тамыздағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 50,7 % алды. Оның ішінде Аққұм ауылдық округінде -34,8, Талаптан ауылдық округінде - 59,8 %-ды құрады.

«Округтерде әкімдер қызметінен босаған жағдайда сайлау жарияланады. Сондықтан бұған байланысты бөлек сайлау өткізілуде. Ал бұдан бұрын әкім қызметі мерзімі аяқталған округтерде сайлау ұйымдастырлды», - деді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбсары Болат Нақыпов.


Соңғы жаңалықтар