Қызылордада бірнеше адамды алдаған алаяқ сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада бірнеше адамның сеніміне кіріп алдап кеткен 44 жастағы азамат сотты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында тұратын азамат такси жүргізумен айналысатын Қызылорда қаласының тұрғынынан 61 мың теңгеден астам ақшаны алдап алған. Тергеу барысында күдікті өзінің қылмыстық әрекетін толығымен мойындады. Бұдан бөлек күдіктінің тергеу барысында аталған қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс істегені анықталды. Аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленушілерге келтірген шығынды жартылай өндіріп беріп, олардан кешірім сұрады. Қызылорда қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бұрын Қызылордада үй әперем деп 30 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел сотталды.

Соңғы жаңалықтар