+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қызылордада бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

2021 жылғы 22 қазан 19:38
Бөлісіңіз:
Қызылордада бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында із-түссіз жоғалған азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 12 қыркүйекте С.Бегімбай жеңіл автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына жолға шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған.

Қылмыстық істің төңірегінде С.Бегімбайды табу үшін кешенді жедел іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оған жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары арасында құрылған бірнеше мобильді топтар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары және туған-туысқандары, жолдастары, еріктілер жұмылдырылған.

Кешенді іздеу шараларына арнайы техника мен тікұшақ қолданылған.

Нәтижесінде 19 қазанда «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 128-шақырымынан С.Бегімбайдың жеңіл автокөлігі және жеке заттары табылып, айғақ ретінде алынған.

Ал 22 қазан сағат 13:25 шамасында «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 128 шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз азаматтың мәйіті табылды.

Тергеу органы мүрде С.Бегімбайға тиесілі болуы мүмкін деп болжам жасады.

«Қазіргі уақытта оқиға болған жерде жедел тергеу тобы және төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерімен тексеру жүргізіп жатыр. Осы ретте мәйітті тану және тиісті сот-сараптамасының нәтижесінде белгісіз азаматтың мәйіті нақты кімге тиесілі екені анықталады» деп мәлім етті полиция.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT