Қызылордада бір отбасының 3 мүшесінен коронавирус анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бір отбасының үш адамы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы дерек бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам тіркелді . Олардың 7-і Қызылорда қаласының тұрғыны болса, 1-і Арал ауданында тұрады. Науқастар 2004, 2007 жылы дүниеге келген ер, 1946, 1970, 1971, 1976, 1983, 1992 жылғы әйел адамдар.

«Вирус жұқтырған тұрғындардың үшеуі - бір отбасы мүшесі. Олар Қызылорда қаласында тұрады. 6 науқастан ПТР анализдері вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты сынама алынған. Қалған 2 адамнан ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде оң нәтиже көрсетті.

Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 297 адам тіркелген. Оның ішінде 228-і сырқатынан жазылып шықты .


Соңғы жаңалықтар