Қызылордада бір адамды бірнеше мәрте алдап ақша алған алаяқ сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 25 жастағы азаматша бір тұрғынды бірнеше мәрте алдап алаяқтық қылмысын жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Шиелі ауданында тұратын ол бұдан бұрын ірі мөлшерде ұрлық қылмысын жасаған. Сот үкімімен оған байланысты азаматтың 4 жыл 2 айға бас бостандығы шектелген болатын. Бұл жазадан тиісті қорытынды жасамаған ол енді алаяқтық қылмысы бойынша сот алдына келді.

Биылғы жылдың қаңтар айында ол ғаламтордағы жарнамалық сайттардың біріне пәтерді жалға беретіні жөнінде хабарландыру жариялайды. Сол бойынша қоңырау шалған азаматшамен кездеседі. Одан 30 мың теңгені алдап алып кеткен. Келесі күні жәбірленуші оған жалға алатын үйін барып көретінін айтады.

Оған 12 жылға 55 мың теңгеден төлеп тұратын ипотекаға үй алып бере алатынын айтады. Бұдан кейін үй алу үшін кезекке тіркеу үшін тағы 50 мың теңге сұрайды. Одан кейін өзінің үш бөлмелі үйін 2 млн 500 мың теңгеге сататынын жеткізеді. Пәтерінің кепілдікте тұрғанын айтып, ол үшін 1 млн теңге қажет екенін жеткізеді. Алаяқтық әрекетін ол бұдан кейін де жалғастырып, жәбірленушіден тағы 100 мың теңгені қалтаға басады. Келесі кезекте облыс орталығындағы пәтердің бірін сатып алатынын айтып, оның қожайынына пәтердің алдын ала ақысы ретінде 60 мың теңге береді. Сол пәтерге жәбірленушіні көшіріп, одан тағы 400 мың теңгені қолды етеді. Осылайша ол жәбірленушіге жалпы алғанда 1 млн 580 мың теңге мүліктің шығын келтірді.

«Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Алаяқтық жасаған азаматша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған бұрынғы үкім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігі ішінара қосылды. түпкілікті 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Сот үкімімен одан жәбірленушінің пайдасына 1 млн. 540 мың теңге материалдық зиян өндірілді», - деді Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі Сая Темірбекова.


Соңғы жаңалықтар