+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды

2021 жылғы 8 наурыз 02:21
Бөлісіңіз:
Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында көп қабатты үйдің бесінші қабатынан секіріп кеткен 14 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада медицина қызметкерлері арасында COVID-19 жұқтыру көрсеткіші азайды Жамбыл облысында 25 ата-ана жауапкершілікке тартылды Алматы облысында көлік дүкенге соғылды: Бір адам қаза болып, үшеуі жарақаттанды

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің хабарлауынша, 7 наурызда сағат 11:00 шамасында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан хабарлама келіп түскен. Онда облыс орталығының Сырдария өзені сол жағалауындағы бөлігінде орналасқан көп қабатты үйдің бесінші қабатынан 2007 жылғы жасөспірім қыздың секіріп кеткені айтылған.

Бұл оқиғаны Қызылорда қалалық полиция басқармасы растады. Оқиға барысы жөнінде түсініктеме берді.

«Жас қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қызылордада жалған ақшамен жергілікті тұрғындарды алдаған жігіт сотталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT